Торайғыров университетінде ретроавтомобильдер мен мотоциклдер көрмесі өтті.



 

Көрмеде кеңес дәуіріндегі автомобильдер мен мотоциклдердің 15-тен астам түрі, сондай-ақ студенттер мен магистранттардың жеке әзірлемелері ұсынылды.

 

Келушілер электр қуатымен және мұнай отынымен жүре алатын Ока гибридті көлігін және студенттер қолмен құрастырған Ecoplaneta 4.0 Ecoplaneta мотоциклін, сондай-ақ мотоцикл мен автомобильдің түрлі модельдерін көре алды, олар: Запорожец, мотороллер Тула Турист, мотоциклдер Иж Юпитер, ең көнелері 1966 ж. және 1955 ж. шығарылған көліктер.

 

- Біз ретроавтомобильдер мен мотоциклдер көрмесін үшінші рет ұйымдастырдық, біздің студенттер ұйымдастырушы болып табылады, біз соңғы 3-4 жылда студенттер өз күштерімен қалпына келтірген техниканың 15-тен астам моделін көрсеттік, - деді  Торайғыров университетінің Көлік техникасы және логистика кафедрасының аға оқытушысы Рамис Зарипов.

Көрмеде ұсынылған техниканы студенттер мен университет қызметкерлері сабақтан тыс уақытта қалпына келтіретінін атап өткен жөн. Жұмыс Инженерия факультетінің шеберханаларының аумағында дербес орындалады.

 

Ретротехниканы қалпына келтіру "Алтенсур" студенттік ғылыми-техникалық үйірмесінің қызмет бағыттарының бірі болып табылады.