Торайғыров университетінде Эразмус+ жобасының "TRIGGER Орталық Азияда түлектерді жұмыспен қамту арқылы студенттердің кәсіпкерлік және инновациялық тәсілдерін ынталандыру" атты есептік конференция өтті. 

 

Торайғыров университеті - Словакия, Австрия, Франция, Греция, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан ұйымдары мен университеттері кіретін жоба консорциумының мүшесі. 

Есептік конференция барысында жоба мүшелері жобаның негізгі нәтижелерін таныстырды. Атап айтқанда, «Кәсіпкерлік» саласы бойынша Minor-бағдарламасын оқыту, EntreComp моделін пайдалану бойынша кәсіби тәжірибені өткізу қорытындылары. Мансап орталығының директоры Әлия Биткеева 2022 және 2023 жылдардағы түлектерді жұмыспен қамту қызметі бойынша университет жұмысының нәтижелерімен таныстырып, Торайғыров университеті түлектерінің кәсіби даму перспективалары туралы айтып берді.


Шараға қонақ ретінде серіктес ұйым өкілдері мен университеттің жұмыс берушілері қатысты. 
 Жалпы, есептік кездесу барысында TRIGGER  бағдарламасының түлектердің кәсіби дағдыларын дамыту мен оларды жұмыспен қамту деңгейінің артуына деген ерекше маңыздылығы тілге тиек етілді.