Торайғыров университетінде бірінші аймақтық IT-әйелдер форумы өтті.

 Университет алаңында ақпараттық технологиялар саласының тәжірибелі өкілдері Айман Шаклейна, Жәмиля Тайчик, Олеся Голубева және Мадина Хасенова сөз сөйледі. Олар IT өнімін нөлден бастап әзірлеу, шабыт алу және саладағы тәуекелдерді тиімді басқару тәжірибесімен бөлісті.

 

– Әйелдер кез келген салада табысты, өйткені олар стратегиялық ойлауды біледі және әрқашан өз мақсаттарына жетеді. Ал біз басқа адамдарды, соның ішінде жастарды ынталандыру үшін олардың сәтті істерін көрсетуіміз керек. Қазақстандық әйелдердің жетістіктерінің арқасында бүгінде қоғамымыздың барлық салаларындағы шын мәніндегі елеулі даму қарқыны туралы айтуға болады. Жетістік пен сәттілік аруларымызбен бірге болады деп сенемін», - деді Еркін Садықов.

Форум спикерлері бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар саласында әйелдер басты рөл атқаратынын атап өтті. Олар дәстүрлі емес көзқарасты әкелетін және осылайша инновацияның дамуына үлес қосып, креативті мамандар, жоба жетекшілері және IT-индустриясында тең ортаны құрушылар ретінде әрекет етеді.