Торайғыров университетінде техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, білім беру ісінің құрметті қызметкері Әбілхан Қарақаевтың құрметіне арнайы аудиторияның салтанатты ашылуы өтті.

 

 

- Мен жоғары оқу орындарының өз ардагерлерін еске алып, олардың құрметіне дәріс және зертханалық залдар атағанына өте қуаныштымын. Осылайша, біз осы батырларды жастардың есіне саламыз, олардың жұмысы біздің қоғамның дамуына көмектеседі. Бүгін біз Әбілхан Қарақаев атындағы аудиторияны аштық. Оның есімі ғылыми және педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін Қазақ КСР-нің Алтын Құрмет кітабына енгізілген, ғалым "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен марапатталған. Ол Торайғыров университеті үшін ғана емес, жалпы отандық ғылымды дамыту үшін де көп жұмыс жасады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 

Сонымен қатар, Әбілхан Қосмырзайұлы 1000-нан астам ғылыми, оқу-әдістемелік және басқа да жарияланымдардың, 3 монографияның, 20 оқу құралының авторы. Ғалым КСРО, РФ және ҚР 90 авторлық куәліктері мен патенттерінің (25 патент, 16 алдын ала және 20 инновациялық патент) иегері болып табылады. Көрнекті жетістіктері үшін, ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулері үшін, көптеген еңбектері үшін профессор Әбілхан Қарақаевқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. Ол "ҚР БҒМ ЖОО-ның үздік оқытушысы" гранты мен белгісінің иегері, сондай-ақ оған "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" құрметті атағы берілді.