Торайғыров университетінде HR-қызметі талант-менеджмент орталығымен бірлесіп  жоғары оқу орнының кафедра меңгерушілері үшін «Кәсіби күйзеліс синдромы, жанжалдар және оларды шешу жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинарды тәжірибелі психолог Әсем Сәдуақасова өткізді.

- Тренингтің мақсаты - педагогикалық ұйымдар қызметкерлерінің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту дағдыларын қалыптастыру. Айта кету керек, эмоционалды күйзеліске түсу тек кәсіби қызметпен байланысты. Үй шаруасындағы әйел оны түсіне біледі деп айтуға болмайды, - деп атап өтті Әсем Сәдуақасова.

Семинарға қатысушылар эмоционалды күйзелістің ұйымдастырушылық, әлеуметтік-психологиялық және жеке аспектілерін, оның көріністерін диагностикалауды және оның көріністерін қалай тоқтатуға болатынын талқылады.

- Біздің міндетіміз -  ЖОО-ның барлық қызметкерлеріне, оның ішінде басқарушыларға психологиялық тұрғыдан барынша көмек көрсету. Университеттің оқытушысы немесе басқа қызметкерінің жұмыс орнында өзін қалай сезінетіні бүкіл ұжымның жұмысының тиімділігіне байланысты. Сондықтан біз дағдыларды дәріптеу үшін тренингтер өткізіп қана қоймай, ЖОО ішінде барынша тыныш және достық атмосфера үшін жағдай жасауға тырысамыз, - деді HR-қызметінің директоры Анар Жәкішева.