Торайғыров университетінде «Самал» оңалту орталығының өкілдерімен кездесу өтті. 


Орталықтың психологы Алина Вязова Қазақстандағы жастар арасында бітімгершілік қызметке қатысты көзқарастарымен бөлісті. 

Бітімгершілік қозғалыстың үш қанатымен таныстырды: Халықаралық ядроға қарсы жастар альянсы, «Невада-Семей» қозғалысының жастар қанаты және «ПВ Лига Молодежи» ҚБ. Студенттерге бұл бірлестіктердің жұмысы туралы ақпарат берілді. 

- Жұмысымыздың негізгі бағыты – бітімгершілік, экология және инклюзия.  Өзгермелі уақытта жастармен жұмыс істеу керек. Дұрыс түсінік қалыптастыруымыз керек, - дейді Алина Вязова.

Маман орталықтың жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, «Мың жаса» жобасын дамыту және экологиялық-бітімгершілік платформа жасау.