Педагогика ғылымдарының кандидаты, Тұлғалық даму мен білім беру кафедрасының профессоры Қайныш Жұмадирова мемлекеттік марапатқа ие болды. 

 «Еңбек ардагері» медалі бір салада кем дегенде 10 жыл және 40 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлерге беріледі. Қайныш Жұмадирова еңбек жолын 50 жыл бұрын бастады. 1972 жылы қызмет жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 
Педагог Қазақстан білім беру саласының құрметтті қызметкері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, «Тәуелсіздікке 10 жыл» мерейтойлық медаліне ие болды. Профессор Білім беру министрлігінің салалық «Еңбек ардагері» медалі және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды. 
 Қайныш Жұмадирова  - заман ағымынан қалыспаған профессор. Кәсібилік, баланың бойындағы дарындылықты көру қасиеттері, сонымен қатар, адамгершілігімен ерекшеленген білікті маман. ToU ұжымы Қайныш Жұмадированы марапатымен құттықтайды!