Торайғыров университетінің  базасындағы IT-мектепте CS:GO және Dota 2 пәндері бойынша киберспорттық турнир өтті, оған Павлодар облысының әр түкпірінен ойыншылар қатысты.

CS:GO тұғырын Intheflow командасы басқарды, үштіктегі орындар 14 Reg және Ghost болды. PV1 ұжымы Dota 2 пәні бойынша жеңімпаз атанды, ал қалған жүлдегерлер no b*tches және RaqiTeam ойыншылары болды. 

Айта кетейік, жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрады, ал Павлодар облысының 14 жастан бастап барлық ниет білдірген тұрғындары қатыса алды. Турнирді Облыстық цифрландыру басқармасы "Toraighyrov University" КЕАҚ және "Ақпараттық технологиялар колледжі" ШЖҚ КМК бірлесіп ұйымдастырды, ол game Republic және Zodiak компьютерлік клубтарының қолдауымен өткізілді.