Торайғыров университеті Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжімен ынтымақтастықты дамытуда


Декан Александр Кислов бастаған Faculty of energetics ұжымы, сондай-ақ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков, Академиялық қызмет департаментінің директоры Асылбек Қасенов Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде болды.
Сапар барысында тараптар колледж бен ЖОО-ның энергетика, автоматтандыру саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша одан әрі өзара іс-қимыл туралы келісті. Студенттер үшін ЖОО және колледж базасында сабақтар өткізу, сондай-ақ колледж студенттері үшін энергетика саласындағы заманауи технологиялар бойынша ашық дәрістер оқу және "Электромонтер" құзыреттілігі бойынша world skills конкурсына ЖОО студенттерінің қатысуы жоспарлануда.