Торайғыров Университеттің студенті Ильсур Тукаев WorldSkills әлемдік кәсіби шеберлік біріншілігіне Германияға аттанды. 

Ильсур инженерия факультетінде оқиды, Ақсу қара металлургия колледжін бітірді.
Студент сандық- бағдарламалық басқарылатын станоктарда жұмыс істеу бойынша біліктілік чемпионатта өнер көрсететін Қазақстанның жалғыз өкілі. Ильсур жеребе тастау кезеңінен өтіп, өзінің қабілеттерін бірінші болып көрсетеді. Чемпионат 11-қазанда басталады, оған әлемнің ондаған елдерінің өкілдері қатысады.
Ильнур Тукаев өткен жылы WorldSkills республикалық кәсіби шеберлік байқауында үшінші орын алып, өз бағытындағы Қазақстандағы үздік мамандардың бірі екенін дәлелдеді. 
Ильсурға сәттілік тілейміз және барлығыңыздан қолдау сұраймыз!