Ашық әдістемелік семинардың екінші күні техникалық және кәсіби білім беру қызметкерлерінің  қатысуымен интерактивті сессия өтті. Шара барысында «ERG  колледждер үшін" жобасы талқыланды.

ERG үшін негізгі басымдық - өндіріс саласына жергілікті білікті кадрларды даярлау.  «BTS-Education» ЖШС жастар арасында техникалық мамандардың дамуына басымдық береді, себебі, отандық кәсіпорындарда кадр тапшылығы бар. Еуразиялық Топ BTS Education ЖШС-мен бірге “ERG колледждер үшін" жобасын іске қосты. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік сала мамандарын даярлау.

Бұл сессия аясында болашақтың мамандықтары үшін кадрларды даярлау бойынша колледждер мен университеттердің өзара әрекеттестік мәселесі талқыланды.