Лодзин техникалық университетінің профессорлары Торайғыров университетінде жұмыс сапарымен болды. 

Erasmus + Staff Training Mobility халықаралық жобасы шеңберінде мамандарды даярлау тәжірибесімен алмасу мақсатында Лодзин техникалық университетінің оқытушылары Торайғыров университетіне келді. Томаш Маниецки мен қауымдастырылған профессор Александр Штыкаға университет бойынша экускурсияны университеттің басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов өткізді. 

Польшалық профессорларды жаратылыстану ғылымдары факультетінің жұмысы қызықтырды. Химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Мәдениет Елубай әріптестеріне зертханаларды көрсетті. Өзге кафедра өкілдерімен серіктестік орнату бойынша кездесу өткізді.