"Шығармашылық шеберхана" - әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, сәулет және дизайн кафедралары мен Бейсембаев кітапханасының бірлескен жобасы. Жуырда суретші Татьяна Чевтаеваның шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Татьяна Чевтаева өнердегі тәжірибесі және акварельмен сурет салу бойынша кеңестерімен бөлісті. Қылқалам шебері Павлодар облыстық көркемсурет музейінің "М-Арт" жобасының белсенді қатысушысы.

Еске сала кетсек, Татьяна Чевтаева - Қазақстан суретшілері Одағының мүшесі. Сонымен қатар. "Классикалық сурет мектеп-студиясына" жетекшілік етеді.

ЖОО студенттері мен оқушылар өнер иесіне сұрақтарын қойып, шеберліктің қыр-сыры туралы ақпарат алды. Шара барысында акварельмен сурет салу мүмкіндігіне де ие болды.