Торайғыров университеті мен "Транстелеком" ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсіміне Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов және "Транстелеком" АҚ филиалының директоры Асқар Бекбауов қатысты.

 

 

Қос тарап тәжірибе алмасып, дәріс, семинар және тәжірибелік сабақтарды өткізіп, оқытушылық-профессорлық кадрлармен алмасуға уағдаласты. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылар үшін кәсіби оқу-өндірістік практикалар мен ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастырмақ.

Асқар Бекбауов студенттер мен ЖОО қызметкерлеріне дәріс оқып, ІТ-жобалар мен шешімдерді енгізу  саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы айтты.

Еске сала кетсек, "Транстелеком" еліміздегі ірі байланыс операторларының бірі. Кәсіпорын жергілікті, қалааралық және халықаралық байланыс, интернет, көшпелі радиотелефон және радиобайланыс, жеке радиошақыру және өзге де телекоммуникациялық қызметтер ұсынады.