Торайғыров университетінде QogamdastygLab қаласын дамытудың идеялар хакатоны "Шеберлер аймағы" атты креативті жастар үшін фестиваль өтті.

Шараны ұйымдастыруға ERG компаниясы, SEI AlmaU және Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы мұрындық болды.

"Шеберлер аймағы" - кәсіпкерлер креативті индустрия саласында микробизнес жасауға көмек көрсетілетін алаң. Университет факультеттерінің жүзге жуық студенті аудан, үйлері мен аулаларын жақсартатын қарапайым шешімдерін ойлап тапты. Идеялар тізімінде қала жағажайында Қазақстан жұлдыздарының аллеясы, аялдамалардағы буккросинг, ұлттық стильдегі жарықтандырылған жаяу жүргінші жолдары бар.

Студенттер BigIdeasCamp кәсіпкерлік мектебіне қатыса алады. Тамақтану, жолақы шығындары өтеледі.