Торайғыров университетінде жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясын таратудың алдын алуға бағытталған семинар өтті. 

Облыстық дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен кездесуге бірінші курс студенттері қатысты. 

Басқарма басшысы Дәулет Закарьянов радикалды идеология туралы айтып берді. Деструктивті діни ағымдардың құлы болып қалмаудың амалдарын түсіндірді. Ол, сонымен қатар, мемлекеттің зайырлы негіздерін нығайту бағыттарына тоқталды: мектеп пен мемлекеттің бейтараптығы, мемлекеттің діннен тәуелсіздігі, ар-ождан ерікіндігі мен діни наным-сенім еркіндігі. 

«Діни сауаттылықты арттыру арқылы ғана біз теріс діни ағымдардан арыла аламыз. Қоғам ішінде діни-рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттасақ, болашақ ұрпақты теріс пиғылдардан қорғай аламыз», - дейді спикер.