Торайғыров университетінде облыстың ЖОО мен колледждерінің кітапханашыларына арналған семинар аяқталды.

Beisembayev library - бұл білім алу үшін жайлы жағдай жасалған көпфункционалды кеңістік. RFID жүйесі енгізілген.  RFID (Radio Frequency IDentification) - кітап қорын тонау мен бұзылудан қорғайтын, нысанды байланыссыз анықтауға және келушілерге шұғыл қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жүйе.

Кітапхана директоры Гүлжан Аманованың айтуынша, кітапхананың негізгі ролі кітап мұрасын сақтауда ғана емес, қалың бұқараға қолжетімділікті қамтамасыз етуде.
«Кітапхана кеңістігінің интегративті ұйымдастырылуы бүгінде адами қызығушылықтарды дамыту құралдарының өзекті құралдарының қатарында. Интерьердің ыңғайлылығы, эстетикалығы мен функционалдығы, стеллаждардың тұрғызылуы, түрлі қолданушылардың қызығушылықтары және т.б. ескеріледі», - дейді Гүлжан Аманова.

Кітапханадағы Open space форматында кітап қорына қолжетімділік, Web of Science, Springer link, SCOPUS, IPR BOOKS, Эпиграф және т.б. жүйелеріне кіру мүмкіндігі бар. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша 2018 жылдан бері «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорынан шамамен 15 мың кітап түсті. Кітапхана қорында жеті мыңнан астам ақпараттық және электронды ресурс бар.