Облыстық ТЖД-нің мамандары азаматтық қорғаныс кабинетінде студенттерге табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет етуге үйретуде. Бұл шара мамандарды кәсіби даярлауға, сонымен қатар, волонтёрлік қозғалысты дамытуға сеп болады.

Қызыл Жарты ай Қоғамының белсенділері мен студенттер алғашқы дәрігерлік көмекке дейінгі көмек көрсету, зардап шеккенді тасымалдау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Осындай дағдылар жас буын өкілдеріне төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, байбалам салмауға көмектеседі. Бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде жетілдіру маңызды.