Торайғыров университетінің энергетика факультетінде РhD докторы ізденушілері диссертацияларын қорғады.

2013 жылдан бері  «Электроэнергетика» мамандығы бойынша 20 адам қорғалды. Университетте алғашқылардың бірі болып диссертациялық кеңестің құрылуы жоғары білікті мамандарды даярлаудағы бұл бағыт жоғары сұранысқа ие екенін дәлелдейді.

Университетте докторантура бойынша 15 мамандық бар. Төрт диссертациялық кеңес құрылған: педагогика және психология, биология, электроэнергетика, көлік, көліктік техника және технологиялар.

РhD докторлары аударма ісі, филология, экономика, металл өңдеу, металлургиялық инженерия, биотехнология мамандықтары бойынша даярланады.

Алдағы уақытта ізденушілер құқықтық және құрылыс мамандықтары бойынша да оқи алады.