Анонстар мен іс-шаралар

Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша Торайғыров университетіндегі комиссия отырысының қорытындысы

 

2025 жылғы 30 сәуірде республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Тәуелсіз сараптау комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша, берілген өтінімдер қаралғаннан кейін академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға конкурс өткізген білім алушылардың негізгі және резервтік тізімдері анықталды. Комиссия мүшелерінің қарауына берілген 18 өтінімнің ішінен негізгі тізім үшін 15 үміткер іріктеліп алынды, 3 үміткер резервтік тізімге енді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу ережесіне» сәйкес үміткерлер іріктеудің үш негізгі критерийі бойынша бағаланды:

-              шет тілін білу деңгейі;

-              барлық оқу кезеңіндегі академиялық үлгерімі;

-              тәуелсіз сараптау комиссиясының бағалауы.

 

Негізгі тізім:

 

1

Диянчук Никита Александрович

6B05101 Биология

2

Омар Айзере Жұмабекқызы

6B02304 Шетел филолгиясы

3

Қайдар Мерей Маратқызы

6B02102 Дизайн

4

Радченко Дмитрий Андреевич

6B07151 Машина жасау және реверс-инжиниринг

5

Грюкач Ольга Максимовна

6B06102 Ақпараттық жүйелер

6

Алкамова Софья Александровна

6B02304 Шетел филологиясы

7

Ануарбек Диас Бауыржанулы

6B06102 Ақпараттық жүйелер

8

Каирбек Арлан Жасланулы

6B07141 Автоматттандыру және өнеркәсіптік робототехника

9

Бексултанова Агиля Байзуллаевна

6B03102 Саясаттану

10

Заркен Санжар Сағдатұлы

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

11

Жумалин Бакытбек Курметович

6B07141 Автоматттандыру және өнеркәсіптік робототехника

12

Капенов Уалихан Талгатович

6B06104 Computer Science

13

Ералиева Рауан Бердигалиевна

6B03102 Саясаттану

14

Айткулова Альбина Сарсенбаевна

6B04103 Есеп және аудит

15

Абитова Камиля Муратовна

6B07301 Сәулет

 

Резервтік тізім:

 

1

Мучкина Анна Дмитриевна

6B08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы

2

Темербаева Карина Кайратовна

6B11101 Туризм

3

Айтказинов Алишер Шынгысулы

6B07112 Аспап жасау

 

 

Толығырақ
2025-04-30 00:00:00

Құрметті білім алушылар, университет "БанкЦентрКредит" АҚ-да шоттың жабылғаны және осы есеп айырысу шотына төлемдердің қабылданбайтындығы туралы хабарлайды.

Толығырақ
2025-04-30 00:00:00

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«Торайғыров университеті» КеАҚ

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

«PostHumanum: болашақ мәдениеттануы»

30 сәуір 2025 ж.

 

2025 жылдың 30 сәуірінде «Торайғыров университетінің» 6В03101 – Мәдениеттану білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «PostHumanum: болашақ мәдениеттануы» атты                                      ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды студенттерге қолдау көрсету, олардың шығармашылық, оқу-танымдық және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ашу және ынталандыру, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға көмектесу, ғылыми ізденушілікке деген қызығушылықтарын ояту.

Олимпиада үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі

 

ҚАТЫСУ

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға жоғары оқу орындарында өткен ішкі олимпиаданың I кезеңінің жеңімпаздары болып табылатын жоғары оқу орындарының студенттер командалары (әр командада 3 студенттен көп емес) шақырылады. Міндетті түрде команда жетекшісі болуы керек.

Олимпиадаға қатысу үшін 2025 жылдың 25 сәуіріне дейін «Торайғыров университетіне» төмендегі сканерленген құжаттарды salimova_raigul@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет:

1. Қатысуға өтінім;

2. Олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаттамамен ресімделетін хат.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Республикалық олимпиада 2 кезеңде өтеді:

1) бірінші кезең –жоғары оқу орындарының ішінде;

2) екінші кезең – базалық жоғары оқу орындарында.

Олимпиаданың I кезеңінде даярлаудың басым бағыттары мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Университет ректоры (проректоры) конкурстың тиісті секциялары бойынша жетекші ғылыми ұйымдардың, өндірістік кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қамтитын конкурстық комиссияларды ұйымдастырады.

Олимпиаданың I кезеңінің (ішкі жоғары оқу орны) қорытындысы бойынша ректордың (проректордың) бұйрығымен бекітілген ЖОО-ның конкурстық комиссиясы конкурстың                II кезеңіне қатысу үшін университеттің үздік студенттерін іріктейді және базалық жоғары оқу орындарына конкурстық негізде жібереді.

Студенттерді Республикалық олимпиаданың II кезеңіне қатысуға ұсыну кезінде жоғары оқу орны базалық ЖОО-на мынадай құжаттарды жібереді: олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат, ол хаттамамен ресімделеді.

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға байланысты барлық шығындарды (келу, кету, тамақтану, қонақүйде тұру) жіберуші тарап өтейді.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ӨТІНІШ

Команда қатысушыларының ТАӘ

(толық)

Мамандық шифры, курс, оқу тілі

 

Байланыс. Телефондары/ қатысушының
E-mail

Команда жетекшісінің ТАӘ (толық)

(лауазымы, дәрежесі, байланыс телефоны, е-mail)

 

ЖОО атауы және мекен-жайы (толық)

 

Команданың атауы (толық жазу қажет)

 

 

Факультет деканының қолы, мөр.

 

 

Пәндік олимпиадаға келесі кезеңдер кіреді:

 

1 кезең. «Визитка»: команданы таныстыру (аты-жөні, ұраны, капитан). Уақыт регламенті: 3-5 минут.

2 кезең. «Мәдениет және жасанды интеллект: Кім кімді жасайды?» (кейс-стади форматындағы тапсырмалардан тұрады). Уақыт шегі: 10-15 минут (тапсырманы ұйымдастырушылар олимпиада кезінде ұсынады).

3 кезең. Капитандар сайысы. Ақпараттық қоғам мәдениеті, жасанды интеллект және кросс-мәдениет бойынша төмендегі теориялар мен тұжырымдар туралы тапсырмалар (тақырыптар тізімі төменде берілген). Уақыт регламенті: 5-10 минут.

1 Постгуманизм негізін салушыларының басты идеялары;

2 Гиперреалдылық теориясы (Жан Бодрияр);

3 Жасанды интеллект қазіргі мәдениет феномені іспетті (Д. Маккарти, А. Тьюринг);

4 Ақпараттық қоғам теориясы (Э. Тоффлер);

5 Э. Хирштің мәдени сауаттылық теориясы;

6 Ю. Хабермастың коммуникативті әрекет теориясы;

7 Ю.М. Лотманның семиотикалық концепциясы.

4 кезең. «Үй тапсырмасы» форматында өткізіледі. «Мәдениетті және жасанды интеллектіні жаңғырту» тақырыбына шағын жоба/презентация жасау.

Уақыт регламенті: 10-15 минут.

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140000 Павлодар қ., Ломова 64 көш., бас оқу ғимараты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы, 5 қабат, 517 каб.

Байланыс жасау: Салимова Райгуль Сабыровна, 87089875481


русс Положение по олимпиаде Культурология .pdf
2025 русс. Информационное письмо Культурология.pdf
Каз Положение по олимпиаде Мәдениеттану .pdf
2025 каз. Информационное письмо Культурология.pdf
Толығырақ
2025-04-17 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone