Л. Е. Шинетованың диссертациялық жұмысының қорғауы туралы Хабарландыру

«Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы 8D051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар бағыты (8D05101 – Биология БББ) бойынша диссертациялық кеңесте 6D060700 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ляззат Ермекқызы Шинетованың «Нұра өзенінің сынаппен ластануы және құрамында сынап бар аймақтарда тұратын адамдарға оның генетикалық және иммунологиялық әсерін бағалау» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жалпы биология және геномика кафедрасында» орындаған.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Новикова Ирина Игоревна – м. ғ. д. (мамандық шифры: 14.02.01 – гигиена), Роспотребнадзордың «Жаңасібір гигиена ҒЗИ» ФБҒМ директоры, Жаңасібір қ., Ресей Федерациясы;

2. Бекманов Бахытжан Оракбаевич – б. ғ. к. (мамандық шифры: 03.00.15 – генетика), «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

3. Алтаева Нурсулу Закирияевна – б. ғ. к. (мамандық шифры: 03.00.15 –генетика), қауымдастырылған профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасының меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан Республикасы.

Ресми рецензенттер:

1. Джансугурова Лейла Булатовна – б. ғ. к. (мамандық шифры: 03.00.15 – генетика), профессор, ХАА академигі, ҚР ҒЖБМ ҒК «Генетика және физиология институты» РМК Палеогенетика және этногеномика орталығының басшысы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

2. Корогод Наталья Петровна – б. ғ. к. (мамандық шифры: 03.00.16 – экология), Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бекеева Саулемай Айдаровна – б. ғ. к. (мамандық шифры: 14.00.07 – гигиена), «Астана медицина университеті» КеАҚ эпидемиология және биостатистика кафедрасының доценті, Астана қ., Қазақстан Республикасы (отандық ғылыми кеңесші);

2. Ефимова Наталья Васильевна – м. ғ. д. (мамандық шифры: 14.02.01 – гигиена), профессор, «Шығыс Сібір медициналық-экологиялық зерттеулер институты» ФМБҒМ жетекші ғылыми қызметкері, Ангарск қ., Ресей Федерациясы (шетелдік ғылыми кеңесші).

Диссертация қорғауы 2026 жылы 14 шілде сағат 10:00 «Торайғыров университеті» КеАҚ 8D05101 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және офлайн) өтеді, мекен-жай: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» КеАҚ, бас ғимарат, А-5 ауд.

Zoom сілтемесі: https://zoom.us/j/94728701407?pwd=xb9t7bsAk5QmTq6rUqgv9Tb5h5PwzN.1

Конференция идентификаторы: 947 2870 1407

Кіру коды: 637791

Вебсайт:  www.tou.edu.kz

Ғылыми хатшы: Уалиева Римма Мейрамовна, тел.: +7 778 205 8888, e-mail: ualiyeva.r@tou.edu.kz