BRYCA жаңа тренерлерді оқытуды бастап кетті. Торайғыров университетінде медиа және ақпараттық сауат бойынша тренинг өтті.

ҮЕҰ, Ішкі саясат басқармасының, академиялық ортаның, еріктілердің өкілдері тренерлік дағдыны меңгере отырып, киберқауіпсіздік, ақпараттың рас-өтірігін анықтау, фейктер, манипуляция, өшпенділік тілімен күресу жолдарын игерді. Енді жап-жаңа тренерлер өз тренингтерін өткізеді.

Тренингті MediaNet ХЖО «Орталық Азия жастарының сыни ойлауын арттыру үшін медиа және ақпараттық сауат» (BRYCA) жобасы аясында Павлодар қаласы әкімдігінің және Торайғыров университетінің қолдауымен ұйымдастырды.

Жоба Еуроодақтың қолдауымен жүзеге асырылады.