Toraighyrov University «La Vie Добро» еріктілер ұйымы Еріктілер жылы аяқталуы құрметіне марапатқа ие болды.

 

Торайғыров университетінің «La Vie Добро» волонтёрлік органы Волонтёрлер жылының аяқталуына орай марапатқа ие болды.

Марапатты Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева және Ұлттық волонтёрлік желінің төрайымы Вера Ким табыстады.
Еске сала кетейік, команда "Ұрпақ" және "Өз-өзіңмен кездесу" атты екі ірі жобаны жүзеге асыруда. Оларды іске асыру үшін Қызыл Жарты Ай қоғамы мен Әлеуметтік-волонтёрлік желі тарапынан гранттар ұтып алған.

Жастар төтенше жағдай кезінде карантиндік отбасыларға азық-түлік тарату сияқты шараларға қатысып, белсенділік танытты.