«Nur Otan» партиясының мониторингтік тобы Торайғыров университетінің 600 орынға шақталған жатақханасының құрылысымен танысты.

 

 

Шара барысында проблемалық сұрақтар талқыланды.

«Күн суығандықтан, құрылыс-монтаждық жұмыстар тоқтатылды. Пандемия да өзгертулер енгізді. Карантин кезінде нысанды салуға арналған материалдардың тасымалына байланысты мәселелер туындады. Қазіргі уақытта темірбетон өнімдеріне сұраныс пайда болды», - дейді «Заман-Альянс» ЖШС директорының орынбасары Қанат Каймульдин.

ҚР Тұңғыш Президентінің жаңа жатақхананы салу және материалдарды дер кезінде жеткізу жөніндегі Үшінші бастамасын орындау мәселесін реттеудің жолдарын «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Илья Теренченко ұсынды.

«Жатақхана уақытында тапсырысқа берілуі тиіс. Бекітілген келісімшартқа сәйкес нысан құрылысы ертерек аяқталуы тиіс. Мерзімі бұзылған. Біз ортақ механизмді жүзеге асыруды тапсырдық. Коммуналдық қызмет, салалық өндіріс ошақтарының өкілдеріне тез арада жүзге жуық плитаны жеткізуді сұрадық», – дейді Илья Теренченко.

Жатақхананы қазан айында тапсыру үшін мердігер ұйымдарға жұмыс кестесін қайта қарастырып, жұмыс бригадаларының санын көбейту ұсынылды.

Бөлмелер лофт стилінде жасалады. Үнемделген қаражаттың есебінен қосымша құрал-жабдықтар мен жиһаз сатып алынады.

Мониторингтік топ туындаған мәселеге орай құрылыс барысын бақылауға алады.