«Электр энергетикасы» пәні бойынша өткен республикалық олимпиадада Торайғыров университетінің командасы  бірінші орынға ие болды.
  •  

Үздік атану үшін Қазақстанның 10 жоғары оқу орны тырысып бақты.

Оқытушы Айгүл Әшімованың жетекшілігімен Асқар Амангелді, Сабыржан Кәрімов пен Петр Бурцев үздіктердің қатарынан көрінді.

Студенттер электр жүйелері мен желілері, элестрмен жабдықтау және жлектр машиналары, станциялары бойынша кәсіби шеберліктерін паш етті.

Асқар Амангелді мен Сабыржан Кәрімов жеке есепте бірінші және екінші орындарға ие болды.

Электр энергетикасы кафедраның маңгерушісі, т.ғ.к. қауымдастырылған профессор Вадим Марковскийдің айтуынша, бұл - студенттердің алғашқы жеңісі. «2018 жылы бірінші орынға ие болған едік. Биылғы жылы қашықтықтан қатысуға тура келсе де, жеңіске жеттік. Біз университетіміз электр энергетикасы бойынша үздік екенін тағы бір мәрте дәлелдедік», - дейді профессор.