Жұмадағы декандардың "айқасында" #as_bolsyn_challenge жартылай финалистері жеңімпаз атануға барые салды. Осы жолы төрт декан бақтарын сынап, жатақханада тұратын студенттерді аспаздық өнерлерімен таң қалдыруға тырысты.

Осы жолы ас мәзірі жеребе тарту арқылы анықталды. Қатысушылар мықты атану үшін бар күштерін салды. Қонақтардың қатары көбейіп, Студенттер үйінің дастарзаны асқа толды.

Декандар дәстүрлі мәнті, тіл үйірер лазанья, грузиндік хинкали мен французша ет пісірді.

Қорытынды шыққанша дейін нағыз шайқас қызу түсті.

Студенттер өздерінің шеф-аспаздарын таңдады. Супер ақтық сынға проректорлармен мемлекеттік басқару, бизнес және құқық, энергетикалық факультеттің декандары күш сынасады.