Ақсу, Екібастұз және Павлодар қаласының студенттері ПМУ-дің «Mindcraft» ойын алаңында бас қосып, шеберлік байқасты.

Жастар 30 секунд ішінде техника және материалтанудың даму тарихы бойынша 20 сұраққа жауап беру керек болды.

Зияткерлік ойынның нәтижесінде бірінші орын мен 50 000 теңгенің сыйақысына Павлодар машина жасау колледжінің командасын ие болды.

Екінші орын мен 30 000 теңгенің сыйақысы Ақсу қара металлургия колледжінің командасына бұйырды. 20 000 теңге мен үшінші орынға Жаяу Мұса атындағы Ақсу көпсалалы колледждің «Энергетик» құрамасы ие болды.