Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов С. Торайғыров атындағы ПМУ №3 Студенттер үйінің құрылыс барысымен танысты.

Жаңа ғимарат 600 адамға шақталған. Жатақхана 2020 жылдың наурызында қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Қазіргі уақытта алты қабаттың екеуі дайын. Алдағы уақытта әрлеу жұмыстары басталады.

Айта кетейік, бүгінде тағы бір жатақхана салу мәселесі талқыланып жатыр. Ғимарат бас корпустың стадионында бой көтеруі мүмкін.