С. Торайғыров атындағы ПМУ-де агротехнологиялық факультеттің зоология, генетика және селекция кафедрасы ғалымдарының ұйымдастыруымен Павлодар облысында жылқы шаруашылығының өнімділігін арттыру мәселесіне арналған семинар өтті.

Кездесу «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы жылқышылар палатасының сарапшылары, сонымен қатар, аймақтағы фермерлік шаруашылық өкілерінің қатысуымен өтті. Бұл шаруалар жебе қазақ жылқыларын өсірумен айналысады.

«Бүгін біз қазақ жылқыларының биологиялық ерекшеліктерін қолдану бойынша тәжірибелік кеңестер бердік. Атап айтқанда, жылқы үйірлерін құру, оларды жаю мен күту, құлындарды өсіру, сонымен қатар, «суық» әдіспен таңбалау әдістері, табынды жылқыларды түрлі мезгілде өсіру. Бұл факторлардың барлығы жануарлардың өнімділігіне, қымыздың сапасына әсер ететінін ұмытпау керек», - дейді а-ш. ғ.к. Төлеген Асанбаев.