Суретші Камиль Мамукадзе ПМУ студенттеріне Сабындыкөлдің сұлулығын тарту етті.

Қылқалам шебері Баянауыл өңірінің әсемдігіне қанығып, шығармашылығына арқау етті. Ол №2 студенттер үйінің қабырғасында түрлі бояулармен Баянауылдың күзгі келбетін суреттеді. Бұл туындыны К. Мамукадзе күзгі пленэр барысында салған еді.

Ал екінші қабырғада Павлодар қаласының күзгі жағажайы көрініс тапқан. Бұл - алматылық суретшілердің қиялынан туған шығарма.

«Күз - суретшілер үшін ерекше кезең. Табиғат ана бізге барлық түстердің әсемдігін сыйлайды. Баянауылдың табиғаты жүрегімізді жаулап алды», - дейді Камиль Анварұлы.