Кәсіби білім беру және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Мұрат Бейсембаев мерейтойын атап өтуде.

Ғалымның қуанышына әріптестері мен жоғары оқу орнының басшылығы ортақтасты.

Мұрат Құлханұлының еңбек жолы 42 жыл бұрын басталды. Оның жұмысы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен тығыз байланысты.

Ол зертханашы мен кафедра ассистентінен меңгерушіге дейінгі жолды еңсерді.

Зерттеушілік қызметінің жемісі ретінде 40-тан астам ғылыми жарияланым мен өнертабысқа 12 патентті атап кетуге болады.

М. Бейсембаев, сонымен қатар, ҚР құрылыс нормаларының типтік ережелері сияқты нормативтік актілерді әзірлеуге атсалысты.