С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сарапшы-саясаттанушылары Nur Otan партиясы облыстық филиалының жетекшілері мен өкілдері үшін «Саяси үрдістерді басқарудың теориясы мен практикасы» тақырыбы бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Шараға бастауыш партия ұйымының 70-тен астам өкілі қатысты. Олар теориялық білім алудан бөлек тәжірибелік дағдыларын молайтуға мүмкіндік алды. Партиялықтар топтарға бөлініп, іскери ойындарға қатысты.

Интерактив форматындағы ойындар елімізде болып жатқан үрдістерді ой елегінен өткізіп, партиялардың халықаралық тәжірибесін білуге сеп болды.