Павлодар облысының кәсіпорындарына жұмыс сапары шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің делегациясы "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ өңірдегі Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының магистраль желісінің бөлімінде болды.

Кездесу барысында электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Ренат Ибраев кәсіпорынның маңызды мәселелеріне тоқталып, Қазақстанда еркін бәсекеге қабілеттілікті қолдау мақсатында тауарлар мен қызметтерді сатуда монополияға қарсы заңнамасының қолданыста барын атап өтті. Заң бойынша монополист болмауы қажет, нәтижесінде соңғы тұтынушы зардап шегеді.

Электр энергиясын тасымалдау нарығында соңғы тұтынушы үшін өнімге қосымша үстемеақы қосылатын жағдайлар бар. Бұл энергетика нарығының қосымша делдал қызметін атқаратын адал емес ойыншыларының әрекетінен туындайды.

Мәселен, тасымалдаушыдан тұтынушыға жететін электр желісі бар. Ал қосымша делдал трассадағы аралық желіні сатып алып, қос тарап арасындағы қаржылық схемаға қосылады. Соңғы өнімге қосымша құн осылай пайда болады.

Делдалдың өз қосымша станциясы мен желісі болады, ол энергияның белгілі бір көлемін сатып алу квотасын қолдана алады. Кейін өнімді сатады.

Егер делдал трасформаторлық станция немесе желі учаскнсінің иесі болса, желінің істен шығу жағдайында қызмет көрсету шығындарын дв көтереді. Мәселен, Ақсу қаласының тұрғындары шағын ауданға электр энергиясын беруді жаңартуды екі апта күтті. Қосалқы станциясының иесі жөндеу жұмыстарын созып жіберді. Бұл іске облыстық әкімдік араласты.

Кездесу қорытындысы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдар тобы бұл кәсіпорынның электрмен жабдықтауды тиімді ету бойынша ұсыныстар әзірлемек, сонымен қатар, электр энергиясы тарифтерін жасау саласы бойынша кеңес бермек.