С. Торайғыров атынағы Павлодар мемлекеттік университетінде кітаптармен алмасуға арналған bookcrossing-зон ашышлы. Әлеуметтік жобаның авторлары «Social Development Center» қоғамдық қоры.

Ұйымдастарушылардың пікірінше, кітап оқуға қызығушылықты баулу жастардың мәдени-білім көкжиегін кеңейтіпғ оларды бәсекеге қабілетті етеді.

Бүгінде кітап сөрелерінде өз оқырмандарын әлемдік әдебиеттің үздік туындылары күтуде.

Кітапұмар студенттер ұнаған әдебиетін тегін таңдап, өзі оқыған кітаппен алмастыра алады. Алмастыратын кітап болмаса, кейін бұл туындыны басқа оқырман оқи алады.

Ұйымдастырушылар кітап алмасумен шектеле қоймады. Алдағы уақытта әдеби викториналар өткізіп, ақын және жазушылармен шығармашылық кештер ұйымдастыру жоспарланған.

Айта кетейік, жоба шеңберінде Қазақстанның он жеті аймағында 57 вookсrossing-зона орнатылады.