«Педагог мәртебесі» туралы Заңды Қазақстан Республикасының Үкіметінде, кейін Қазақстан Республикасының Парламентінінде қаралуы Мағжан Жұмабаевтың: «.. қазақтың жолбасшысы – мұғалім, ... қадірлі орын – мұғалімдікі»- деген гауһар арманын республикалық ауқымда орындаумен бара-бар.

Аталып отырған педагог мәртебесіне лайықты болу мақсатын іске асыруда «Негізгі ұғымдарды» ғылыми негіз ретінде алынғаны құптарлық. Бұл атаққа сәйкес келудің әдебі, олардың ар-намасын қорғауы, 7 баптағы шарттарының құрылуының өзі мұғалімдердің мотивациясын көтеруде индикатор сапасында қолданылмақ.

Мұғалім өзінің мәртебесін көтеру үдерісінің интеллектуалды әлеуетін рейтінгі жүйесімен траекторияға салатындай аналитикалық сараптауға бейімделуіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қамқорлығы деп білеміз.

8 - ші бапта « Мүғалімдердің кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту» олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептіліктің не ақпараттың қандай да бір нысандарын ұсынуды талап етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге жол берілмейтіні әміршіл-әкімшіл «басқарудың» түп тамырын қазып алып тастау дегенді білдіреді. Көлденең іспен шұғылданбау – мұғалім мәртебесін өркендетудің амал- тәсілдерін ойлауына, шығармашыл – креативтік шешімдерді, әртүрлі проектілерді жазуларына мүмкіндік беріледі.

Жалпы білім саясаты, стратегиясы, тактикалық құзырет пен білім меңгерудің парадигмасын ұлттық код негізінде орындауларына, оның рухани құндалақтарын саралауларына, күн сайын өзінің онтологиялық, гносеологиялық пайым-парасаттарын трансформациялауларына бұл қабылданған Заңның феноменділігі айрықша.

Енгилика ЖҰМАТАЕВА

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және

білімденудің инновациялық технологиялары

ғылыми-практикалық орталығының директоры