Биылғы жылдан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығының порталы COS.PSU.KZ іске қосылды. Бұл сервистің көмегімен ЖСН арқылы жатақханадан орын алуға өтініш білдіруге болады.

Өтініш беру процедурасы қарапайым. Жүйеге алғаш рет кіргенде порталда ЖСН арқылы тіркелу керек. Қызметтер тізімінен жоғары оқу орнында білім алушыға жатақхана беруді таңдап, қажетті құжаттарды жүктеу керек.

Құжаттар электронды форматта берілгеннен соң орталыққа келіп, өтінішке қол қою керек. Орталық университеттің бас оқу корпусының 122 кабинетінде орналасқан.