С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 16 оқу бағдарламасының Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығындағындағы (KAZSEE) мамандандырылған аккредитациясы шеңберінде 2019 жылдың 20-21 мамырында университетке сыртқы сараптамалық комиссия келді.

Комиссия құрамында Оренбург (Ресей), Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және өзге қалалардың 9 жетекші ұлттық және халықаралық сарапшысы, сонымен қатары, жұмыс беруші және студенттік тараптың өкілдері болды.

Сарапшылық топқа ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (Алматы қ.) доценті Адылқанова Шолпан Рақымбекқызы жетекшілік етті.

Сапар барысында сарапшылар университеттің инфрақұрылымы, академиялық, ғылыми-зерттеу, тәрбие және әлеуметтік жұмысымен танысты. Комиссия мүшелері сабақтар мен емтихандарға қатысып, білім беру үрдісінің стейкхолдерлері – профессорлық-оқытушылық құрам, жұмыс берушілер, студенттер мен оқу орнының түлектерімен сұхбаттасы.

Сарапшылар, сонымен қатар, аккретиацияланатын білім беру бағдарламаларының базаларында болды («Қазақ аграрлық сараптамасы» АҚ, «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясы» ЖШС, «Горзеленстрой» ЖШС, «ЗЖБИ Теміртас Павлодар» ЖШС және т.б).

Сапар нәтижесі бойынша сарапшылық топ қорытынды шығарады. Нәтижелер KAZSEE аккредитациялық кеңестің қарауына беріледі.