Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт сарайында қазақ күресі мен самбодан ардагерлер мен спорт шеберлері арасында облыстық турнир өтті.

Жарысқа облыстың үздік спортшылары қатысты. Сәулет-құрылыс факультетінің деканы техн.ғ.д., профессор Марат Күдерин де осы сайыста күш сынасты.

Қазақ ұлттық күресінде қарсыластарын жеңіп, М. Күдерин турнир қорытындысы бойынша 90 кг және одан жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, Марат Қырықбайұлы самбо күресінен күміс жүлдегер атанды.