С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттік жобалардың «Цифрлы экономика» атты халықаралық байқауы өтті.

Зияткерлік сайысқа экономикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Байқау қазақстандық және ТМД жоғары оқу орындарының академиялық және ғылыми қызметтерін интеграциялау, студенттік ортада кәсіби-іскери қатынастарды дамыту, сонымен қатар, экономика дамуының жаңашыл трендтерін енгізуге бағытталған.

Жарыс қорытындысы бойынша PhD докторы Мадина Каримбергенова жетекшілік еткен С. Торайғыров атындағы ПМУ командасы екінші орынға ие болды. Ал үшінші орын тұғырынан PhD докторы, э.ғ.к., Наталья Кафтункина жееткшілік еткен топ көрінді.