Молдова мемлекеттік техникалық университетінің базасында өткен VIII Халықаралық фестивальге 18 елдің жастары қатысып, 380-нен астам дипломдық жұмыстарын таныстырды.

Шара жұмысына қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары мен Молдованың білім министрі қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Құрылыс өндірісінің технологиясы» аталымы бойынша С. Маханова бірінші деңгейлі дипломға ие болды, ал М. Шынболат сертификатпен марапатталды.