С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Николай Дычко студенттермен кездесіп, Елбасының жаһандық стратегиялық бастамалары туралы ой өрбітті.

- Ел Президенті Павлодар мемлекеттік университетіне келгенде, жоғары оқу орнының жұмысына жоғары бағасын бергені есімізде, - деді Н. Дычко.

Н. Дычконың айтуынша, қазіргі уақытта позитивті бастамаларды жастарға сеніп-тапсырудың маңызы зор. Себеб, жас буын өкілдері бастамаларды қабылдап, бизнес, саясат, дипломатия және өзге де бағыттарда табысты жүзеге асырады.

- Университет түлектерінің көбі бизнес саласында еңбектенуде. Сол идеяларын оқу орнының қабырғасында жүзеге асырып, болашаққа жоспарлады, - дейді Н. Дычко.

Кездесуге келгендердің қатарында «Жас Отан» жастар қанаты филиалының төрайымы Санира Жүсіпова және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы «Нұр Отан» партиясының Президент жүктеген тапсырмаларды орындаудағы роліне тоқталды.

- «Нұр Отан» партиясы – нақты істер партиясы. Павлодар мемлекеттік университеті жастарының әлеуеті зор. Студенттер білім беру саласындағы партиялық комиссияның жұмысына қатысып, өз үлестерін қосуда, - дейді «Бірлік» студенттік ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов.

Кездесуге қатысқан азаматтар келесі жылы партияның 20 жылдығына арналған «Жас Отан» партиясының белсенділер форумын С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің базасында өткізуді ұсынды.