С. Торайғыров атындағы ПМУ-де ғылым және инновация департаментінің ұйымдастыруымен «Scopus және ScienceDirect базаларының көмегімен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Ақпараттық-сараптамалық жүйенің жұмысы, оның ерекшеліктері мен тиімді қолданудың ережелері туралы «Elsevier» компаниясының Қазақстан Республикасындағы аймақтық өкілі Дина Шайхислам айтып берді.

Семинар барысында Science Direct және Scopus базалары, сонымен қатар, Mendeley сервисінің жұмысы туралы әңгімеленді.

Science Direct базасы ғылыми мағлұматтардың бай кітапханасына қолжетімділігімен ерекшеленеді. Ал Scopus – 21 000 журнал жинақталған ірі рефератты база.

Mendeley сервисі ғылыми жарияланымдардың жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Шара барысында автордан дәйексөз алу индексін арттыру, авторлардың профильдерімен жұмыс жасау, сонымен қатар, журналдың сапа критерийлері туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, аталмыш сервисті қолдану арқылы дәйексөздерді автоматты түрде ресімдеу мүмкіндігі көрсетілді.

Кездесу соңында қатысушылар қызықтырған сауалдарына тұшымды жауаптарын алды.