С. Торайғыров атындағы ПМУ суретшілері, пед.ғ.к., профессор Сәуле Әбішева, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Жұлдыз Таниева және аға оқытушы Зура Асылғазина «Баянауыл – шабыт қайнары» көрмесіне қатысып, туындыларын ұсынды.

Экспозицияға ArtaktiV павлодарлық шеберлер тобының 50-ден астам шығармасы ұсынылды.

Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, туындылар Баянауыл ұлттық паркінің сұлу табиғатын арқау еткен. Суретшілер Батылдар шыңы, Жасыбай көлі, шатқалдар мен қасиетті жерлерді қағазға түсірді. Қылқалам шеберлерінің шабытынан туған картиналарда тау массивтері, қарағайлы ормандар, өзен-көлдер, тау-тастар, бір сөзбен айтқанда, Баянауыл өлкесінің тұмса табиғаты бейнеленген.

Облыстық көркемөнер музейінде ұйымдастырылған көрме желтоқсан айының соңына дейін жалғасын таппақ.