С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде SMM-ның өзекті трендтеріне арналған жас кәсіпкерлер форумы өтті.

Балалар әлеуметтік желілерде аудиториямен қарым-қатынас ережелерімен, идеялар мен қызметтерді насихаттаудың әртүрлі құралдарымен және тәсілдерімен танысты, кемшіліктермен жұмыс істеу әдістерін және стратегиялық тұжырымдаманы құру кезеңдерін меңгерді.

SMM-ді практикалық пайдалану және әлеуметтік желілерде контентті алға тарту туралы PR-кеңесші, White Media агенттігінің директоры Ринат Балғабаев айтып берді.

Абылай Юсуповтың «Бизнес пен жеке брендке арналған Instagram» атты тренингі аккаунтты рәсімдеу, аудиторияның бейілділігі және бәсекелестерді талдау және т.б. мәселелерге арналды.

Абылай Юсупов бүкіл Қазақстан бойынша 15000-нан астам адамды, сондай-ақ Чехия, Канада, Малайзия кәсіпкерлерін оқытты. KFC, Costa, Hardee’s, CCI Kazakhstan, Choco Family компанияларымен жұмыс істейді.