Астанада өткен демалыс күндері грэпплинг және грэпплинг ги спорттық күресі бойынша ҚР біріншілігі өтті. Іс-шараға Қазақстанның барлық облыстарынан 800-ге жуық үздік балуандар қатысты.

Павлодар облысының намысын қорғауға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Шыңғыс Жылқыбай аттанды.

18-19 жастағы жасөспірімдер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шыңғыс жеңімпаз атағы үшін өткізілген осы қиын күресте қарсыласына біраз жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Еске сала кетсек, Ш. Жылқыбай джиу джитсу және грэпплингтің «BEК TEAM» академиясының және Павлодар мемлекеттік университетінің джиу-джитсу секциясының тәрбиеленушісі. Сондай-ақ ол – грэпплингтен облыс құрамасының мүшесі.