С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері самбодан өткен облыстық чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды.

Жарыстар облыс орталығында 18-23 жас аралығындағы спортшылар арасында ұйымдастырылды. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде 57 келілік салмақ дәрежесінде үшінші орынға Фаррух Срашев (Құр – 301) ие болды. 68 және 74 келі дәрежесінде Тәуекел Жұмағалиев (АЖБ – 101) пен Нұрболат Ерсайынов (БТ –101) да күміс жүлдені жеңіп алды.

Еске сала кетсек, облыстық жарыс жеңімпаздары енді республикалық жарыста бақтарын сынайды.