С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018-2019 жылы “English Language Fellow” білім беру жобасы шеңберінде жоғары оқу орнында білім беру магистрі Тара Бранденбург жұмыс істеп жатыр.

Бір академиялық жыл ішінде Тара Бранденбург көптілді білім беру орталығында университет оқытушылары үшін ағылшын тілінен интенсивті курстарды жүргізіп, English Club жұмысына жетекшілік етеді. Сонымен қатар, шетел филологиясы мен аударма ісі кафедрасының студентеріне сабақ береді.

Айта кетейік, “English Language Fellow” білім беру жобасы ПМУ-де алты жыл қатарынан жүзеге асырылуда.