ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Нұркина, А. Құрманова және А. Жайылғанова С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс сапарымен болып қайтты.

Мәжілісмендер университет ректоры Гаухар Ахметова, жергілікті жоғары оқу орындары мен білім беру басқармасының өкілдерімен кездесіп, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» айтылған мақсат-міндеттерге сәйкес жатақханалар құрылысы, сонымен қатар, жоғары оқу орындарының академиялық бостандығы мәселелерін талқылады.

Депутаттар Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттер үйінде де болып, болашақ жатақхананың орнын көрді. Кездесу соңында меймандар ПМУ коворкинг орталығының жұмысымен және іс жүзіндегі стартап жобалардың жұмысымен танысты.