С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанда алғашқы рет ұйымдастырылған Ұлттық домбыра күнін атап өтуге үн қосты.

Шара барысында металлургия, машина жасау және көлік факультетінің өнертапқыштары «Стильді домбыра» атты бірегей музыкалық аспапты паш етті. 

Аспап жасаушылардың айтуынша, домбыра қарапайым машинаның бөліктерінен жасалды. Жүк көлігінің артқы белдемі аспапты ңнегізіне айналса, аспаптың мойыны кардан білігінен жасалды. Сонымен қатар, гайкалі кілттер мен болат сымдар да кәдеге жарады.

Биіктігі екі метр болатын конструкция университеттік аллеяның сәніне айналды.