С. Торайғыров атындағы ПМУ ERASMUS+ Еуропалық одақ шеңберінде «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіріп жатыр.

Бұрнағы күні С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де (Астана қ.) «PhD дағдыларын дамыту бағытында паралелльді жақсартуы бар таза орта үшін жылуэнергетикалық жүйелері бойынша университеттік оқытуды жетілдіру» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Жобаның қатысушылары қатарында Ұлыбритания, Испания, Италия, Қытай, сонымен қатар, Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының делегеттары болды.

Шара барысында металлургия, машина жасау және көлік факультетінің жетекшілігі мен сарапшылары «Ішкі жанудың заманауи двигательдері» бағыты бойынша  бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары модульдерін жетілдіру, оқыту әдістері мен мазмұнын талқыға салды.

Жобаның үлестірушісі, металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к. Қайратолла Әбішевтің айтуынша, болашақта Павлодар мемлекеттік университетінің базасында жаңа салалық зертхана ашу жоспарлануда.